Қазақстанда жұмыс берушілер білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, өндіріс, көлік және логистика салаларындағы мамандарды белсенді түрде іздестіруде, деп хабарлайды astana24.com Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.
Электронды еңбек биржасында Қазақстан бойынша 53 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылған.
Жұмыс берушілер білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, өндіріс, көлік және логистика салаларына мамандар іздеп жатыр. Сонымен қатар арнайы мамандығы немесе кәсіби тәжірибесі жоқ азаматтарға да лайықты жұмыс орындары ұсынылған.
Ұсынылатын жалақы көлемі маманның кәсібіне, біліктілігіне және жұмыс тәжірибесіне қарай өзгереді.
Қазіргі таңда 11 мыңнан астам бос жұмыс орны бойынша жалақы мөлшері 300 мың теңгеден жоғары.
Білікті мамандар үшін жоғары жалақысы бар жұмыс орындары да бар.
Мәселен:
Жұмыс іздеп жүрген немесе кәсіби бағытын өзгерткісі келетін азаматтар Электрондық еңбек биржасы арқылы өзіне қолайлы вакансияны тауып, жаңа мүмкіндіктерге жол аша алады.
