Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Рахманұлы Алпамысов қайтыс болды, деп хабарлайды Astana телеарнасы спортшының қарындасы Сора Рахмонованың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Жарияланған мәліметке сәйкес, марқұмның рухына арналған бейсенбілік Құран асы 13 тамыз күні сағат 18:00-де өтеді.
"Қатысуларыңыз – марқұмның рухына дұға, біздерге үлкен қолдау. Алла Тағала қабыл етсін! Әмин", – деп жазған Сора Рахмонова.
