in

Қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды astana24.com UFC Eurasia-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Бруно Лопес болды.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды – Дияр бірінші раундтың соңғы секундында қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл – Диярдың UFC-дегі екінші жеңісі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы Apex аренасында өтті.