ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлері 25 тамызға дейін қабылдау комиссиясына тапсыруы тиіс құжаттар тізімін жариялады, деп хабарлайды astana24.com.
Министрлік білім гранты иегері атанған талапкерлерге одан әрі не істеу керектігін түсіндірді. Олар grant.testcenter.kz сайты арқылы грант иеленгені туралы куәлікті алуы қажет.
Ары қарай талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ЖОО-ларға құжаттар тапсыру керек.
Қабылдау комиссияларына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Қазақстанда мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланған еді. Толық тізіммен мына жерден танысуға болады.
