ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменттері балансында болған қызметтік иттер электронды сауда порталында сатылымға шығарылды. Сауда-саттық 18 тамызда өтеді, деп хабарлайды astana24.com хабарлады.
Электронды сауда порталында қызметтік иттерді сату бойынша лоттар жарияланды. Мәселен Павлодар облысында Маттео есімді неміс овчаркасы 935 теңгеге сатылып жатыр. Аукцион бағаны төмендету арқылы өтеді.
Ит ҰҚК Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментінің балансында тұр.
Жамбыл облысының Қордай шекаралық ауылында Майк, Майло, Миг, Мэл, Мансур және Маис есімді алты ит саудаға шығарылды.
Олардың барлығы – шығыс-еуропалық және неміс овчаркалары. Қазіргі уақытта иттер ҚР Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тиесілі.
Иттер 11 152 теңгеге сатылымға шығарылған.
