in

Оқып, жаза алмайтын баланы 1-сыныпқа алмай қоюы мүмкін бе: Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен брифингте елдегі мектептерге балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды astana24.com.

Шынар Ақпарова ережеге сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау баланың дамуы мен дайындығына қарамастан жүзеге асырылатынын атап өтті.

"Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихандар немесе тестілеу өткізуге жол берілмейді.

Сондықтан ақылы дайындық курстарына бару – тек ата-ананың өз таңдауы және ол мектепке қабылдаудың міндетті шарты болып табылмайды", – деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Шынар Ақпарова 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңартылған тәсілі енгізілетінін айтқан еді.