in

Қырғызстандағы президент сайлауы: парламент маңызды шешімді қашан жариялайды

Қырғызстан парламенті президент сайлауын тағайындау туралы шешімді қашан қабылдайтыны белгілі болды, деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған astana24.com.

Басылымның биліктегі дереккөзге сүйене отырып жазуынша, Жогорку Кенештің қыркүйек айының алғашқы апталарына арналған алдын ала жұмыс кестесі бекітіліп қойған.

Алғашқы отырыс 2 қыркүйекке жоспарланған. 9 қыркүйекте министрлер кабинетінің кейбір мүшелері ант береді. Ал Қырғызстан президентінің кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулыны парламент кезектен тыс емес, 17 қыркүйектегі әдеттегі отырысында қабылдауды жоспарлап отыр.

Дереккөз бұл мерзімнің заңнама талаптарына сәйкес келетінін атап өтті. Өйткені Жогорку Кенеш сайлауды тағайындау туралы шешімді дауыс беру күніне дейін кемінде төрт ай бұрын қабылдауы тиіс.