Қытай мен Непал шекарасында болған табиғи апат салдарынан хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма? Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігі өкілі жауап берді, деп хабарлайды astana24.com.
"Қазіргі уақытта Непал мен Қытай шекарасындағы су тасқынынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", – деп мәлімдеді ҚР СІМ өкілі.
Министрлік өкілдері жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.
Еске салсақ, бүгін Қытай мен Непал шекарасыындағы өткелде көшкін жүріп, салдарынан 380 адам іс-түссіз жоғалды. Мұндай апатқа жер сілкінісі мен көшкін себеп болған.
Соңғы дерек бойынша, су тасқынынан 72 адам қаза тапқан. Бұл туралы Қытай БАҚ-тары хабарлады.
