Қазақстанға алманы сырттан әкелуге жыл соңына дейін тыйым салынды. Бұл шектеудің Қазақстан аумағы арқылы транзитпен тасымалданатын алмаға қатысы жоқ, деп хабарлайды astana24.com.
Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 1 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының аумағына алма әкелуге тыйым салу туралы" бұйрығы "Параграф" ақпараттық жүйесінде жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда, Қазақстан аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден көліктің барлық түрімен алма әкелуге тыйым салынады.
Бұл ретте ереженің мынадай жағдайларға қатысы жоқ:
Бұл жағдайда тауарға арналған экспорттық декларацияны, тауардың 3 қыркүйекке дейін жөнелтілгенін растайтын көлік құжаттарын, ал кедендік транзит рәсімінде тасымалданған жағдайда – транзиттік декларацияны ұсыну қажет.
Бұйрық ресми жарияланған күннен, яғни 3 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
