Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында орналасқан мейрамхананың жанындағы емен ағашы санитарлық кесу кезінде зақымданды. Бұл туралы astana24.com тілшісі хабарлады.
Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, Қазыбек би көшесі, 43 мекенжайы бойынша емен ағашын санитарлық кесуге рұқсат берілген.
Бұл жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізілуге тиіс еді. Басқарма өкілдері ағаштың мейрамхана ғимаратына іргелес аумақта өсіп тұрғанын атап өтті.
"Кейін ағаштың зақымданғаны туралы ақпарат түсті. Осыған байланысты оқиға орнында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ағаштың зақымданғаны расталды. Ағаштың бір діңі ішінара кесілгені анықталды.
Осыған байланысты, өз құзыретіміз шеңберінде ағаш қурап қалған жағдайда оны жүз еселенген мөлшерде қалпына келтіру туралы кепілдік хат алынды. Сондай-ақ тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар Медеу аудандық полиция басқармасына жолданды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
