in

Руслан Жақсылықов жаңа лауазымға тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты жаңа лауазымға тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы етіп Мұрат Баймұқашевты тағайындады.

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімдерімен:

Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.