in

Тоқаев жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды", – делінген Ақорда хабарламасында.

"Әдебиет" порталының мәліметінше, Валерий Михайлов 1946 жылы 7 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған.

Қазақ политехникалық институтының геофизика факультетін бітірген. Республикалық газеттерде жұмыс істеген. 1997 жылдан "Казахстанская правда" газетінің бас редакторы болып қызмет еткен. 2003 жылдан бері "Простор" журналында бас редактор. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болған.

Д.Досжановтың, Б.Мұқаевтың, т.б. қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған.

"Хроника великого джута" деректі повесі (1990, 1996), бірқатар очерктер жинағы, "Прямая речь" (1983), "Весть" (1994), "Немерцающий свет" (1996), "Ограда" (1999), "Молитвенный дым" (2003), "Колыбельная из-под небес" , "Молчун-трава", "Золотая дремота" (2005), "Пыльца", "Годовая свеча" (2006), "Русский хаос" (2007), "Паслён", "Тысячелетие другое", "Угол сердца" (2008) өлеңдер жинағы жарық көрген. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1987). Поэзия академиясының корреспондент-мүшесі (Мәскеу).

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. "Парасат" орденімен (1996), екі медальмен марапатталған.