in

Суданда заңсыз алтын кеніші опырылып, кемінде 67 адам қаза тапты

Суданда заңсыз алтын кенішінің опырылуы салдарынан кемінде 67 адам қаза тапты – құтқарушылар үйінді астында қалғандарды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Қайғылы оқиға Суданның Батыс Кордофан штатындағы заңсыз алтын кенішінде болған. Бұл аумақ судан әскеріне қарсы әскери қимылдар жүргізіп жатқан Жедел әрекет ету күштерінің бақылауында.

Судан дәрігерлер одағы опырылу салдарынан кем дегенде 67 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Құтқарушылардың айтуынша, іздестіру жұмыстары жалғасып жатқандықтан, құрбандар саны артуы мүмкін.

Агенттік Суданда тау-кен саласындағы жұмыстар көбінесе өте ауыр жағдайда жүргізілетінін және қауіпсіздік талаптары сақтала бермейтінін атап өтті.