in

Леди Гага мен Майкл Полянскидің қызының есімі терең мағынаға ие екені рас па

The Blast басылымының жазуынша, Леди Гага мен Майкл Полянскидің жаңа туған қызы Роуз Биннің есімі француз әнінің кавер-нұсқасымен және музыкалық белсендімен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлады astana24.com.

Әнші Леди Гага мен оның сүйіктісі Майкл Полянски жаңа туған қыздарына Роуз Бин Полянски деген есім берді. Сәби 9 маусымда Лос-Анджелестегі "Сидарс-Синай" медициналық орталығында дүниеге келді. Баланың есімі әнші үшін ерекше мағынаға ие.

Роуз есімі әнші "Жұлдыз туды" фильмінде орындаған Эдит Пиафтың әйгілі La Vie en Rose композициясына қатысты қойылған. Сондай-ақ әртістің арқасында раушан гүлі мен осы әннің аты жазылған татуировка бар. Екінші есімі Бин, шамасы, Леди Гаганы Born This Way хитін жазуға шабыттандырған I Was Born This Way әнінің авторы, музыкант әрі белсенді Карл Биннің құрметіне берілген көрінеді. 2024 жылы некелерін қиюға ниетті екендерін жариялаған жұп әзірге көпшілік алдында пікір білдіруден бас тартып отыр.