in

Астанада көше қиылыстарының бірі 5 қазанға дейін жабық тұрады

Астана әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды қаладағы көше қиылыстарының бірінде қозғалыс екі аптадан астам шектелетіні туралы ескертті, деп хабарлайды astana24.com.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, инженерлік желілерді тарту жұмыстарына байланысты Әнет баба және ЕК-26 көшелерінің қиылысында автокөліктер үшін қозғалыс толығымен шектеледі.

Көше қиылысы 20 қыркүйектен 5 қазанға дейін жабық тұрады

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы болуы мүмкін өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деді әкімдіктегілер.