Астанада құтқарушылар қыздың саусағын балмұздақ жасайтын аппараттан босатты, деп хабарлайды astana24.com ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"112" пультіне Нұра ауданында Төле би даңғылы бойында қыздың саусағы балмұздақ жасайтын аппаратқа қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, электр құралдарының көмегімен аппараттың құрылымын кесіп, қыздың саусағын босатты. Оған медициналық көмек қажет болмады.
Қыз зардап шеккен жоқ.
