1 қазанда бүкіл әлемде және Қазақстанда тұрғындар дәстүрлі түрде аға буын өкілдерін құттықтайды. Бұл — ата-аналарға, әжелер мен аталарға тағы бір мәрте көңіл бөліп, мейірім сыйлаудың тамаша мүмкіндігі.
Бүгінде ыстық ықыласыңды білдіріп, алғыс айту үшін қоңырау шалу немесе арнайы барудан бөлек, пайдалы сыйлықты үйдің босағасына дейін жеткізуге болады. Мереке қарсаңында Wildberries сарапшылары қазақстандықтардың сатып алу көрсеткіштерін зерттеп, платформадағы тапсырыстардан үлкендерге деген ерекше қамқорлықты аңдады.
Биыл ел тұрғындарының таңдауы егде жастағы адамдардың өмірін жайлы әрі қауіпсіз ететін тауарларға түсіп отыр. Мысалы, Ұлытау облысында жылыту белдіктері трендте — соңғы күндері маркетплейсте оларға деген сұраныс шамамен 7 есе өсті. Түркістанда тонометрлерге жиі тапсырыс берілсе, Астанада қауіпсіз серуендеуге арналған таяқтарға деген қызығушылық 5 есе артқан.
"50+" дәрумендеріне тапсырыс беру көрсеткіші бүкіл ел бойынша 64%-ға, ал глюкометрлерге сұраныс 52%-ға өсті. Компрессиялық трикотажға деген қызығушылық екі есе артты. Медициналық жүріс арбаларына сұраныс 37%-ға, ал серуендеуге арналған таяқтарға сұраныс 10%-ға артты. Бұдан бөлек жақындарға арналған танымал сыйлықтар тізіміне мойынға арналған ыңғайлы массажерлер де кірді.
Жақындарды алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Ата-аналар, әжелер мен аталар смартфондар мен маркетплейстерді белсенді меңгеріп жатыр. Бұл егде жастағы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, алаяқтардың да көзіне түсіп, олардың басты нысанына айналуына себеп болуда. Сондықтан бүгінде қарттарға цифрлық гигиенаның негізгі ережелерін түсіндірудің маңыздылығы денсаулыққа пайдалы сыйлық сатып алудан кем түспейді.
Wildberries киберқауіпсіздік тобы шопинг пен цифрлық сервистерді қолдану тек қуаныш әкелуі үшін мына негізгі үш ережені егде жастағы туыстарға міндетті түрде бөлісуге шақырды:
Жақындарыңызды қорғап, қамқорлық танытып, олармен цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін бөлісіңіз — сіздің назарыңыз бен сақтық танытуыңыз — олар үшін ең жақсы қорғаныс.
