2027 жылғы 1 қаңтардан Қазақстанда LRT объектілеріндегі көліктегі полиция басқармасы құрылады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды astana24.com.
Жаңа мемлекеттік мекеме Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің құрылымына кіреді.
"Мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады", – делінген құжатта.
Қаулының 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетіні атап өтілген.
