in

Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына джиу-джитсудан Азиаданың алғашқы медалін салды

Жапонияның Айти-Нагоя аймағында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық джитсер Нұржан Батырбеков жүлдегер атанды, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

ҰОК мәліметінше, Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың финалында БАӘ өкілі Ахмед Андизбен жолығып, қарсыласына 2:0 есебімен жол берді.

Осылайша Нұржан Батырбеков Азиаданы күміс медальмен аяқтады. Бұл – оның екінші медалі. Бұған дейін қазақстандық спортшы Ханчжоу-2022 ойындарында алтын алған еді.

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абдулла Батырбек жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде ол сауд арабиялық Абдулмалик Мохаммед Әл-Мурдиге есе жіберді. Тағы бір қазақстандық Батыр Теңізбай алғашқы кездесуінде жеңіліп, 1/8 финалда жарыстан шығып қалды.