Қазақстандық жас кәсіпкер Нұрасыл Медеу ауылдан шыққан дарынды спортшыларға өз қаражаты есебінен грант бөліп, дамуына мүмкіндік беріп жүр, деп хабарлайды Qazsport арнасына сілтеме жасаған astana24.com.
Нұрасыл Медеу – Қазақ ұлттық спорт университетінің құрылтайшысы. Ол Qazsport арнасына берген сұхбатында ауылдан шыққан дарынды спортшыларға қолдау көрсетіп, олардың дамуына жол ашып жүргенін айтты.
"Бұл менің ауылдан, Қазақстан өңірлерінен шыққан, сапалы білім алуға ұмтылған балаларға арналған жеке грантым.
Грант оқу ақысын, жатын орнын, шәкіртақыны, жолақысын қамтиды. Балаларды іріктейміз, іріктеу кезінде спорттағы жетістіктері маңызды, ұмтылысы, дамуға деген құлшынысына қараймыз. Мақсатымыз – дарынды балаларға өзін көрсетуге мүмкіндік беру.
Тәжірибе алып, табысты болашақ қалайтындарға мән береміз. Жастарға сенемін, сондықтан олардың потенциалы нәтижеге айналғанын қалаймын", – деді ол.
