in

Жерде соңғы үш айдағы ең күшті магниттік дауыл тіркелді

10 қазан күні кешке басталған магниттік дауыл соңғы үш айдағы ең күшті құбылысқа айналды, деп хабарлайды kazinform.

ТАСС басылымының хабарлауынша, бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Сібір бөлімшесінің Күн-жер физикасы институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасының мамандары мәлімдеген.

"Жерде соңғы үш айдағы ең күшті магниттік дауыл болып жатыр. Мұндай күшті магниттік дауыл соңғы рет 2026 жылғы 4 шілдеде байқалған", — делінген хабарламада.

Ғалымдардың айтуынша, геомагниттік ауытқуларға апта басында Күн белсенділігінің күрт артуы салдарынан ғарышқа тараған плазма бұлттарының Жерге жетуі себеп болған.

Қазір магниттік дауылдың қарқындылығы 5 балдық шкала бойынша G3 деңгейіне жеткен. Бұл — күшті магниттік дауыл санатына жатады.