in

Қазақстанда күн күрт суытады: өңірлердің бірінде ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді

Синоптиктер 15-17 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, ел аумағында жауын-шашын түсіп, күн суытады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін. Сондай-ақ Қазақстанның шығысында көктайғақ болады.

Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

16-17 қазанға қараған түндері елдің оңтүстік-шығысында 1-2 градус үсік жүреді.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Ауа температурасы: