in

Қазақстанда ұсталып, кейін босатылған Рэпер Navai Ресейде қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Ресейлік заңгер Дмитрий Минов рэпер Navai Қазақстанда босап шыққан соң Ресейде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды astana24.com ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресейлік "Адвокат Премиум" адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Дмитрий Минов рэпер Navai Қазақстанда босап шыққаннан кейін Ресейде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Қылмыстық іс Қазақстанда тоқтатылғанына қарамастан, Navai-дің Ресейде қылмыстық жауапкершілікке тартылу мүмкіндігін толығымен жоққа шығаруға болмайды.

Ресей Қылмыстық кодексінің 12-бабына сәйкес, егер оларға қатысты шетелдік сот шешімі болмаса, Ресей азаматтары шетелде жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", – деді ол.

Адвокат сонымен қатар репер Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында ұсталғандықтан және екі ел де Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болғандықтан, сол шекарадан өту Ресей Қылмыстық кодексінің 229.1-бабында көрсетілгендей, контрабанда болып саналмайтынын атап өтті.