in

Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертінен кейін көрерменге алғыс айтты

Қазақстандық эстрада әншісі Қайрат Нұртас Қызылордадағы шоудан кейін көрерменге алғыс білдірді. Әртіс бұл қалада өзінің алғашқы концертін 20 жыл бұрын бергенін атап өтті, деп хабарлайды astana24.com.

Қайрат Нұртас шығармашылығының 20 жылдығына арналған концертте түсірілген кадрларды көрсетті. Әнші сахнаға ерекше сезіммен шыққанын айтты.

"20 жыл бұрын Қызылордада алғашқы концертімді бергенім әлі есімде.

Сол кездегі арман мен бүгінгі шындықтың арасында қаншама жыл, қаншама естелік, қаншама еңбек жатыр…

Бүгін сол сахнаға мүлде басқа сезіммен оралдым. Рақмет, Қызылорда!" – деді Қайрат Нұртас.

Әнші гастрольдік тур аясында Атырау, Тараз және Ақтөбе қалаларында да өнер көрсететінін хабарлады.

"Бұрын әр 8 наурыз сайын келетінсіз; анам екеуміз бұл мерекені қарсы алу үшін жыл сайын сіздің концертіңізге баратынбыз", "Аңыз, ол Қызылордада да аңыз", "Тоқтама, Қайрат", "Қайрат, жарайсың", "Әндеріңіз жүрегімізде өмір сүреді", – деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)