Елордада алғаш рет кураштан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясына жасаған astana24.com.
Дирекцияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 7-8 қараша күндері Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ерлер мен әйелдер арасында кураш күресінен XV әлем чемпионаты ұйымдастырылады.
Әлемдік додаға 50-ден астам елден 500-ге жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр.
Қазақстан командасы жарысқа 16 балуанмен қатысады. Ел құрамы 2026 жылғы Қазақстан және Азия чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталған.
Ерлер командасы: Әділет Ахметқали, Болат Біләл, Айбатыр Мырзат, Ерсұлтан Мұзаппаров, Бибарыс Нұғман, Темірлан Сағындықов, Данил Федоров, Ғалымжан Қырықбай.
Әйелдер командасы: Альбина Бахиева, Жібек Жақсыбай, Ақбота Қыдырәлі, Рауза Нұрмахамметова, Асылжан Орынбасарова, Зарина Сарипова, Нұрайлым Сәрсенбек, Назерке Тілеуханова.
Ұлттық құраманың бас бапкері – Ғұмар Қырғызбаев.
Жарыстың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.
