Польшаның Краков қаласында болған оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды. Полицейлер күдіктінің үйінен үш адамның мәйітін тапқан, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған astana24.com.
Краковтағы қайғылы жайттан соң шұғыл отырыс өтіп, онда Польша үкіметінің басшысы Дональд Туск күдіктінің үйінен үш адамның мәйіті табылғанын хабарлады.
"Полиция коментанты және министр маған шабуыл жасаған деген күдіктінің үйінде үш өлі адам бар екенін хабарлады", – деді ол.
Бұл жайт дрон көмегімен анықталған.
"Расталған дерек – күдіктінің үйінен екі әйел және бір ер адам өлі күйінде табылған. Көп дерек олардың жақын туыс екенін дәйектеп отыр", – деді Туск.
Бұған дейін кеше, 7 қарашада Польшаның Краков қаласының орталығында орналасқан Базар алаңында атыс болып, екі адам күдікті ретінде ұсталғанын жаздық. Қайтыс болғандар және жарақат алғандар бар.
