in

Польшаның Краков қаласында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Польшаның Краков қаласындағы орталық алаңы – Базар алаңында атыс болды. Салдарынан кемінде бес адам қаза тапты. Тағы онға жуық адам жарақат алды. Шабуыл жасады деген күдікті ұсталды.

РБК дерегінше, оқиға кеше, 7 қарашада жергілікті уақытпен сағат 15:00-де болған. Ер адам қаладағы Базар алаңына көлікпен барып, оқ атқан.

Польша БАҚ-тары зардап шеккендер арасында полицейлер де бар екенін жазып жатыр.

Польша премьер-министрі Дональд Туск Х әлеуметтік желісінде ІІМ басшысы оған оқиғаның мән-жайынан хабардар етіп отырғанын жазды. Оның дерегінше, полиция қазіргі таңда оқиғаның мотивтерін анықтап жатыр.

РИА Новости деректері бойынша, кейін полиция екі адам ұсталғанын, олардың бірі жараланғанын нақтылады.

"Көлік ішінде көптеген қару мен оқ-дәрі болды, ол әскери үлгідегі ұзын ұңғылы қарудан атқан. Өзі әскери үлгідегі киім киген", – делінген хабарламада.