Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 15 жастағы Снежана Қашқарова 5 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасаған astana24.com.
Федерацияның Instagram-дағы арнасында хабарланғандай, Өзбекстандағы додада Снежана Қашқарова ерекше көзге түскен.
15 жастағы спортшы сәтті өнер көрсетіп, Азияның 3 және әлемнің 3 рекордын жаңартқан:
Бұл нәтиже жарыстағы ең үздік көрсеткіш болған.
"Снежана 57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 5 алтын медаль иеленді. Ол 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия құрлығының абсолютті чемпионы атанды!"- делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kaz Weightlifting Federation (@wf_rk)
