12 қыркүйектен 13-іне қараған түні Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турниріндегі төртінші финалын өткізеді. astana24.com Рыбакина мен Соболенкоға арасындағы матч туралы басты ақпаратты ұсынады.
US Open – маусымдағы соңғы "Үлкен дулыға" турнирі. Ол Нью-Йорктегі беткі жабыны қатты кортта өтеді. Соболенко мен Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында финалда кездеседі.
Матч қашан басталады
Титулға талас US Open-нің ең ірі аренасы – Артур Эш кортында болады. Матч Қазақстан уақытымен 13 қыркүйекте сағат 01:00-ден ерте басталмайды. Оған дейін аренада ерлер арасындағы жұптық сында финал өтеді.
Соболенко – Рыбакина матчын қайдан көруге болады
US Open ойындарын көрсету құқығы халықаралық Eurosport арнасына тиесілі, ол Қазақстанда да қолжетімді
Жеке кездесулердегі басымдық Соболенко жағында – 10:7. Ол биылғы маусымда Australian Open финалында Рыбакинадан жеңілгенімен, кейін екі рет өзара кездесуде жеңіске жетті.
Соболенко мен Рыбакинаның қанша титулы бар
Беларусь теннисшісі – US Open-нің өткен екі жарысының жеңімпазы. Ол "Үлкен дулыға" турнирлерінен бөлек, екі рет Australian Open (2023 және 2024) жарысында топ жарды. Соболенконың WTA деңгейінде жекелей сында барлығы 24 титулы бар.
Рыбакина – екі "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы. Ол 2022 жылғы Уимблдонда жеңіске жетіп, биылғы маусымда Australian Open-де үздік атанды. Қазақстандық теннисші мансабында WTA деңгейінде 13 титул иеленді.
Әлемнің бірінші ракеткасы кім
Ресми түрде US Open-ді әлемдік рейтинг көшбасшысы ретінде Соболенко аяқтап жатыр. Алайда финал нәтижесіне қарамастан, дәл Рыбакина беларусь теннисшісін рейтингтің шыңынан ығыстырады. WTA рейтингінің ресми жаңартылуы турнир аяқталған соң, 14 қыркүйекте болады.
