Жарыстың кезекті күні 88 келі салмақта ел намысын Ерасыл Сәулебеков қорғаған. Ол жұлқа көтеруде 153, серпе көтеруде 191 келіні бағындырды. Қоссайыс нәтижесі 344 келі. Осылайша, Ерасыл топ басына шығып, алтын жүлдені жеңіп алды.
94 келіде қазақстандық Денис Полубояринов серпе көтеруде 213 келін көтеріп , Азия рекордын жаңартты. Ал қоссайыс қорытындысы бойынша, 376 келіні тіркеді. Сәйкесінше, Денис те Азия чемпионы атан ды.
Ал жасөспірімдер арасында 69 келідегі Кира Данилова чемпион атанды.Ол қоссайыс қорытындысы бойынша, 198 келілік зілтемірді көтерді.
Ал жастар арасында 77 келідегі Аянат Жұмағали қола жүлде жеңіп алды. Оның көрсеткіші 217 келі. Осылайша, Қазақстан жалпыкомандалық есепте топ бас тады.
Қазақстан қоржынында ж асөспірімдер арасында 12, ал жастар арасында 9 алтын жүлде бар.
Еске салайық, Астанадағы Азия чемпионатының жалпы қорытындысы 10 шілдеде белгілі болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.