Олимпиада чемпионы, бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Қытайдағы әлем кубогының алтын медалін иеленді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
Аса ауыр салмақта ( 90 келіден жоғары) ел намысын қорғаған Айбек Оралбай финалда Германия боксшысы Никита Путиловпен жұдырықтастып, 5:0 есебімен жеңіске жеткен.
Ақтық сынға дейін Айбек 1/2 финалда бразиялық Жоел Рамостан 3:2, 1/4 финалда ағылшын боксшысы Мэтью Уильямстан 5:0, 1/8 финалда АҚШ өкілі Нажай Райттан 5:0 есебімен басым түскен.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогында бес алтын медаль жеңіп алды.
Бұған дейін Назым Қызайбай , Виктория Графеева, Абылайхан Жүсіпов және Санжар Тәшкенбай жарыс жеңімпазы атанған болатын.
