in

Бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әкесіне су жаңа көлік сыйлады

Жақында ғана Ливерпульде өткен әлем чемпионатында 51 келіге дейінгі салмақта топ жарып, алтын медаль жеңіп алған боксшымыз Алуа Балқыбекова әкесіне автокөлік алып берді , – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осыған дейін ол «мен әлем чемпионатына баруым үшін әкем көлігін сатты»  деп айтқан еді.

Қазақстандық әлем чемпионы Алуа Балқыбекова 2025 жылғы әлем чемпионатының медалі үшін өткен жекпе-жекте қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмай, жеңген еді. Оның жарқын жеңісі тек рингтегі өнерінің жоғары деңгейде екенін емес, жалпы адами қасиеттерінің де биік екенін дәлелдеп отыр.