in

Бүгін Роналду мен Ямал финалда кездеседі

8-інен 9 маусымға қараған түні УЕФА Ұлттар лигасының финалы өтеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Шешуші ойында Португалия мен Испания құрамалары кездеседі. Ойын Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц Арена» стадионында, Қазақстан уақыты бойынша түнгі 00:00-де басталады.

Ұлттар лигасы – УЕФА ұйымдастырған ресми турнир, 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл турнир жолдастық кездесулердің орнына құрылып, Еуропа және әлем чемпионаттарына қосымша іріктеу мүмкіндігін береді. Бұған дейін Португалия, Франция және Испания бұл трофейді иеленген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз