in

Давид Лория "Жеңіс" футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалды

Давид Лория "Жеңіс" футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалды. Мұны клуб өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды astana24.com.

"Жеңіс" футбол клубы Давид Лорияның бас директор қызметіне тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді.

"Давид Лория – біздің қаламыздың тумасы, клуб түлегі және "Жеңіс" футбол клубының сапында еліміздің үш дүркін чемпионы.

Дәл осы Давид Григорийұлының тікелей атсалысуымен 2021 жылы клубымыз қайта жаңғыра бастады. Ол Айдын Қожахметті алмастырады. Ал Айдын Қожахмет "Жеңіс" ФК құрылымында атқарушы директор ретінде жұмысын жалғастырады.

Біз Давид Григорийұлының туған ұясына оралғанына шын жүректен қуаныштымыз және оған жаңа қызметінде зор табыс, жеңістер мен алға қойған барлық мақсаттарына жетуін тілейміз", – делінген жазбада.