in

Дзюдодан әлем чемпионаты: Абылайхан Жұбаназар финалға өте алмады

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кезеңде оның қарсыласы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы ресейлік Тимур Арбузов болды.

Белдесу Арбузовтың мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталып, Жұбаназар жарысты аяқтады.

Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.