in

Дзюдодан әлем чемпионаты: Ерасыл Қажыбаев Олимпиада жүлдегеріне есе жіберді

Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жекелей жарыстарда өнер көрсетуін аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Команда сапынан татамиге соңғы болып Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) шықты.

Алғашқы белдесуінде ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы – оңтүстіккореялық Ким Минджонмен белдесті. Қарсылас кездесуді мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.

20 маусымда біздің дзюдошылар командалық жарыстарда өнер көрсетеді. Алғашқы кездесу Бразилия құрамасына қарсы өтеді.