in

Конференциялар лигасы: "Қайрат" "Аталантамен" тең түсті

Италиялық "Аталанта" мен қазақстандық "Қайрат" футболшылары УЕФА Конференциялар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы кездесуде жеңімпазды анықтай алмады, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Жалпы кезеңнің үшінші тур матчы Бергамодағы "Атлети Адзурри д'Италия" стадионында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.

Кездесудің 53-минутында "Қайрат" сапынан испаниялық шабуылшы Марк Гуаль есеп ашты. Оған нәтижелі пас берген – бразилиялық шабуылшы Эдмилсон.

Алаң иелері матч соңында есепті теңестірді. 82-минутта словениялық қорғаушы Реля Обричтің пасынан кейін черногориялық шабуылшы Никола Крстович гол соқты.

Бұл – алматылық клубтың Конференциялар лигасы жалпы кезеңіндегі екінші тең ойыны. Осыған дейін команда бір рет жеңілген болатын. Қоржынында 2 ұпайы бар "Қайрат" турнирлік кестеде 26-орынға көтерілді. Ал 4 ұпай жинаған "Аталанта" 16-орында тұр.

"Қайрат" Конференциялар лигасындағы келесі матчын өз алаңында швециялық "Мьельбюге" қарсы өткізеді. Кездесу 26 қарашада Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады.