in

Месси Алжир қақпасына үш гол салып, Аргентинаға жеңіс сыйлады

Футболдан Аргентина құрамасы АҚШ, Канада және Мексика қабылдап жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

J тобының бірінші турында қазіргі әлем чемпиондары Алжир құрамасымен кездесті. Матч АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы "Эрроухед" стадионында өтті.

Аргентиналықтар шабуылшы және команда капитаны Лионель Мессидің (17, 60 және 76-минуттарда) хет-тригінің арқасында қарсыластарын 3-0 есебімен ойсыраты ұтты. Жартылай қорғаушылар Родриго Де Пауль мен Николас Гонсалес бір-бір нәтижелі пас беріп көзге түсті.

Месси – футбол тарихында алты әлем чемпионатына қатысқан алғашқы ойыншы. Ол турнирдегі дебюттік хет-тригін жасап, Германия құрамасының шабуылшысы Мирослав Клозенің әлем чемпионатындағы голдар саны бойынша рекордына (16) теңесті.

Бұл жеңіс Аргентинаға үш ұпай әкеліп, турнир кестесінде бірінші орынға шықты.