Күрес түрлерінен Моңғолиядағы халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық балуандар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған astana24.com.
Басылымның жазуынша, Біріккен Күрес Әлемі (UWW) күрес түрлерінен 4-7 маусым аралығында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін халықаралық рейтингтік турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялаған.
Аталған бәсекеде қазақстандық балуандар да бақ сынайды. Ұлттық құраманың тізімі төменде көрсетілген.
