Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында велошабандоз Рината Сұлтанoвa Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды astana24.com.
28 жастағы спортшы тасжол велоспортынан жекелей жарыста топ жарды. Сұлтанoвa 24,2 шақырым қашықтықты 36 минут 23,72 секундта бағындырды.
Мәре сызығын екінші болып қытайлық Хао Чжан (+4,68 секунд) кессе, үшінші болып оңтүстіккореялық Шин Джи Ын (+32,42) келді.
Рината Сұлтанoвa Азия ойындарында алғаш рет жеңімпаз атанып отыр. Ол Ханчжоу-2022 ойындарында қола жүлдеге ие болған еді. Сондай-ақ спортшының еншісінде Азия чемпионатының екі алтыны бар.
22 қыркүйекте спортшы Азиададағы бәсекесін тасжол велоспортынан топтық жарыспен түйіндейді.
