in

Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қазіргі таңда Астанада шпагамен семсерлесуден әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Құрбанов үздік төрттіктің қатарына енді.

Ширек финалда отандасымыз Жапония елінің өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Кано Кокиден 9-8 есебімен басым түсті.

Құрбановтың келесі қарсыласы — Давид Наги (Венгрия). Жартылай финал сағат 17:40-да басталады.

Айта кетейік, әлем кубогы кезеңі  Qazaqstan  жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр.