in

Тарихта алғаш рет футболдан әлем чемпионатындағы бірінші ойыннан кейін бапкер қызметінен кетті

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты кезінде Тунис ерлер құрамасының бас бапкері Сабри Ламуши қызметінен кетті, деп хабарлайды Sky Sports арнасына сілтеме жасаған astana24.com.

F тобында өнер көрсетіп жатқан Африка құрамасы бірінші турда Швециядан 5: 1 есебімен жеңілді. Осыдан кейін Лямуши бір тәулік ішінде отставкаға кетті.

Айта кетейік, тарихта алғаш рет әлем чемпионатының алғашқы матчынан кейін бас бапкер қызметінен босатылып отыр.

RMC Sport басылымының мәліметінше, Лямушидің қызметінен кетуі ұлының тәртібімен де байланысты. Тунис құрамасы делегациясының құрамында болған кіші Ламуши жанкүйерлермен төбелесіп қалған деген болжам бар.

Ал бас бапкердің міндеті кейінгі уақытта ұлттық құраманың техникалық директоры қызметін атқарған Мондер Кебайерге жүктелген.

Тунис құрамасын алда топтағы Жапония (21 маусым) және Нидерланды (26 маусым) құрамаларымен кездесу күтіп тұр.