in

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады astana24.com.

"Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.

Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді", – деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бокстан Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық бәскелері басталды.

Бүгін жарыс жолына шыққан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері – Надежда Рябец мен Дина Исламбекова Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Әйелдер құрамасының тағы бір өкілі – Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.