Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, спортшы Шавкат Рахмонов Ulysmedia.kz алаңына эксклюзив сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ulysmedia командасы Алматыдағы Шавкат жаттығатын залға барып, келесі бәсекелерге дайындығымен танысып қайтты. Спортшы қиындықпен өткен балалық шағы, ата-ана тәрбиесі, жеңіс жолын әңгімелеп берді.
Жастардың рухты болуы, елге жанашырлық, еңбексүйгіштік жайлы сөз қозғадық.
Сұхбат барысында кейінгі уақытта көп айтылып жатқан бірқатар сұрақ қойды: Шавкаттың келесі қарсыласы кім? Жекпе-жекті қанша күтеміз? Қазан айында Белал Мухаммадпен жекпе-жек өтетіні рас па? Чемпиондық белбеуге жол ашық па? Ислам Махачевтің салмақ ауыстыруы – қауіп пе, мүмкіндік пе? Шавкаттың жарақаты жазылды ма?
Одан кейін:
“Мен аш болмасам, мүмкін спортты тастап кететін шығармын. Менің де алдыма қойған мақсатым бар, сол үшін жүрмін. Мен енді робот емеспін, 24 сағат жаттығу жасайтын. Менің орныма біреу мен жүрген жолмен жүріп көрсін, сонда түсінеді. Жалпы, аш немесе анау-мынау деген әңгімелер, тіпті керек емес. Негізі білмегендіктен, надандықтан деп ойлаймын. Біз де адамбыз, біз де жұмыс істейміз, біз де жүреміз, тек қана жаттығу жасамаймыз. Жарақат бар кезде жарақаттың үстіне жұмыс істейміз, басқа да жұмыстарымыз бар, бала-шағамыз бар, оларды кім асырайды, сіздер келіп асырайсыздар ма? Әлде айтып жатқандар ма? Ешкім ештеңе істемейді. Сондықтан табиғи факторлар бұл. Әрине, мен шыққым келеді, Қазақстанға белбеуді әкелгім келеді”, – дейді Шавкат Рахмонов YouTube арнасына берген сұқбатында.
Спорттағы қиындықтар мен басты жеңістер қандай болды деген сауалдарға жауап алдық. Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube-арнасынан көре аласыздар.