Аустрияға қарсы матчтың алдында бапкерлер штабы құрамда тек бір өзгеріс жасады. Қақпада Тәңірхан Алпысбаевтың орнына Данил Лыткин шықты.
Отандастарымыз бірінші кезеңде қатарынан үш шайба соқты: матчтағы есепті Бексұлтан Мақыш ашты, артынша Аристарх Киреев пен Руслан Түсіпбеков гол салды. Үшінші кезеңде қарсылас есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартты. Алайда Санжар Ибрагим бос қақпаға гол соғып, матчтың нүктесін қойды. Есеп – 4:2. Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді. Құрама еншісінде екі жеңіліс бар.
Қазақстан құрамасы келесі матчты Украинаға қарсы өткізеді. Кездесу 26 сәуірде Астана уақытымен сағат 22:30-да басталады. Бұл туралы Қазақстанның шайбалы хоккей Федерациясы хабарлады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.