in

Шерзод Давлатов Гран-при жүлдегері атанды

Аустрияның Линц қаласында басталған дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан командасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі жариялады , – деп жазды Aikyn.kz.

Ерлер арасында -60 кг салмақтың кіші финалында екі отандасымыз Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан кездесті. Бұл белдесудің ортасында Давлатов таза жеңіске жетті.

Айта кетейік, күндізгі сессияда Шерзод жартылай финалға жетіп, украиналық Дильшод Халматовқа жол берді. Ал Аман Бақытжан ширек финалда сүрініп, жұбаныш кезеңінде Мурад Мурадлидің (Әзірбайжан) осал тұсын тапты. 

Бірнеше сәттер бұрын Абиба Абужақынова (-48 кг) қола жүлдеге таласта, Нидерланд дзюдошысынан жеңіліп қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.