Минск қаласында (Беларусь) байдарка мен каноеде есуден халықаралық «Мықтылар кубогы» турнирі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды.
500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болып, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Жалпы жарысқа тоғыз елдің спортшылары қатысты.