in

Қазақстан балуаны әлем чемпионатының медаліне бір қадам жақындады

Ислам Евлоев әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Хорватия астанасы Загребте грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының шешуші күні өтіп жатыр. 

Спортты дамыту дирекциясы хабарлағандай, санаулы сəттер бұрын Ислам Евлоев (-87 кг) америкалық Пейтон Якобсенді айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-1. Енді отандасымызды 3-орын үшін айқаста Милад Алиризаев (UWW) күтіп тұр. 

Айта кетейік, жүлде үшін белдесулері Астана уақытымен 21:00-де басталды. Евлоев бозкілемге жобамен сағат 22:00-де шығады. Бәсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.