in

Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогының финалына өтті

Садақ атудан Сингапурда өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Блоктық садақ атудан командалық сында ел намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамед Мұса және Бунед Мирзаметов қорғауда.

Ширек финалда ұлттық құрама Филиппин командасынан 229:223 есебімен басым түсті.

Ал жартылай финалда мергендеріміз Малайзияны бір ұпай айырмашылығымен – 232:231 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Финалда Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездеседі.