Англия құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Хорватиядан басым түсті, деп хабарлайды astana24.com.
L тобындағы бірінші тур ойыны Арлингтондағы "Эй-Ти-энд-Ти" стадионында өтіп, 4:2 есебімен ағылшындардың жеңісімен аяқталды.
Англия құрамасы сапында шабуылшы әрі команда капитаны Харри Кейн дубль жасады (12 және 42-минуттарда), оның біріншісі пенальти болды.
Сондай-ақ жартылай қорғаушылар Джуд Беллингем (47-минутта) мен шабуылшы Маркус Рэшфорд (85-минутта) та гол соқты.
Ал хорватиялықтар арасында жартылай қорғаушы Мартин Батурина мен шабуылшы Петар Муса көзге түсті. Батурина ойынның 36-минутында гол соқса, Муса 45+5 уақытта өз мүмкіндігін тиімді пайдаланды.
Бұл жеңіс Англияға үш ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастауға мүмкіндік берді.
L тобында Гана мен Панама да бар. Командалар арасындағы кездесу 1:0 есебімен Гананың пайдасына шешілді.
